
"Nur Otan" партиясының отырысына Әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп жөніндегі уәкілі қатысуы туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департамент басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж. Балтабеков 28.02.2022 жылы "Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысына: "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы. "Еститін мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру туралы» тақырып бойынша баяндамамен қатысты.
Отырыс барысында салық салу саласында, Мемлекеттік қызмет көрсету, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді.