Date of publication: 08.02.2022 14:58
Date of changing: 08.02.2022 14:47

Қағазда шығарылған ШФ бойынша

Төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Комитет 2022 жылғы 6 қаңтарда 2022 жылғы 5-19 қаңтар кезеңінде техникалық қатені (2022 жылғы 6 қаңтардағы хаттама) мойындады. Мәселен, салық төлеуші жазып беру мерзімі 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңге келетін шот-фактураларды қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта ЭШФ ақпараттық жүйесінде техникалық қатенің танылуына байланысты қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактураларды енгізуге мүмкіндік жоқ.

Салық кодексінің 420-бабы 3-тармағына сәйкес қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

Жазылғандарды ескере отырып, Салық кодексінің 420-бабы 3-тармағына сәйкес жазып беру мерзімі 2022 жылғы 5 - 19 қаңтар кезеңіне келетін «қағаз ШФ енгізу» опциясын таңдамай ЭШФ құру жолымен ЭШФ АЖ-да қағаз тасығышта жазылып берілген  қосымша шот-фактураларды енгізуді ұсынамыз. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу басталмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады (ҚР ӘҚБтК-нің 741-бабы).