
ЭШФ АЖ-ға қағаз шот-фактураларды енгізу бойынша
Төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Комитет 2022 жылғы 6 қаңтарда 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңде техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды. Бұл ретте 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңге келген шот-фактураларды жазып беру мерзімдерін (оның ішінде 2021 жылғы желтоқсанның соңына тура келетін айналымды жасау күні) қағаз жеткізгіште жазып беруге болады.
Осылайша, 2022 жылғы 19 қаңтарда төтенше жағдай мерзімі аяқталғанын, Интернет желісінің жұмысы тұрақталғанын және 2022 жылғы
19 қаңтардағы хаттамамен танылған техникалық қатенің жойылғанын ескере отырып, жазып берілген шот-фактураларды ЭШФ АЖ жүйесіне 2022 жылғы
3 ақпанға дейін енгізу қажет, бұл ретте ЭШФ АЖ Журналында «қағаздағы ШФ енгізу» тетігінің көмегімен ЭШФ жазып беру қажет.