
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу туралы азаматтардың келіп түскен сұрақтарына байланысты осы салықты төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін екенін хабарлайды.
Көлікке салынатын салық меншік құқығы алынған айдың 1-күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін не меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін нақты иелену кезеңі үшін есептеледі. Бұл ретте көлік құралына меншік құқығы берілген (сатылған) жағдайда иеленудің нақты кезеңі үшін салық көлік құралын тіркеу есебінен шығарғанға дейін бюджетке енгізілуге тиіс.
Соманы біліп, салықты "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Алдағы төлемдер" сервисі арқылы төлеуге болады. Ұялы телефон нөмірі ЖСН бойынша мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелуі қажет.
Азаматтарға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге мүмкіндік берілген. МКК, egov.kz. порталында алдағы төлемдерді көруден басқа, Kaspi.kz, Homebank мобильді қосымшаларда деректерді алу мүмкіндігі іске асырылды.
Көлік құралдарына салынатын салық уәкілетті органдардың (бұл жағдайда Әкімшілік полиция комитеті) мәліметтері негізінде есептеледі. Мәліметтер онлайн режимінде түседі.
Жеңіл автомобильдер үшін мөлшерлеме қозғалтқыштың көлеміне, ал жүк көліктері үшін жүк көтерімділігіне, автобус үшін – отыратын орындар санына байланысты болады. Мотоциклдер үшін көлік салығы қозғалтқыштың қуатына байланысты.
Анықтама: 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382-VI Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкес, көлік салығын төлеу мерзімдері жылжыды. Жаңа редакциядағы Салық кодексінің 494-бабының 3-тармағында жеке тұлғалар көлік салығын бюджетке есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуге міндетті делінг