Жарияланған күні: 21.12.2021 11:58
Өзгертілген күні: 21.12.2021 12:14

Сандық майнинг фермалары үшін төлем енгізу

            "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 маусымдағы №53-VII Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 606-1-606-5 жаңа баптары көзделген, олар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сандық майнинг үшін төлем төлеушілер болп - сандық майнингті (криптовалюта өндіру) жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

Төлем объектісі болып сандық майнинг (криптовалюта өндіру) кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемі болып табылады.

Төлемақы сомасы, төлеушілер,  цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдерін және төлемақының белгіленген мөлшерлеме негізінде есептейді.

Сандық майнинг үшін төлем мөлшерлеме - цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде (криптовалютаны өндіру) тұтынылған электр энергиясы қуатының 1 киловаты үшін 1 теңгені құрайды.

Төлемақы төлеушілер төлемақының ағымдағы сомасын бюджетке тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төлейді

Сандық майнинг үшін төлем есептеу үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады, салық есептілігі көзделмеген.

Төлеушілер, өз қызметінің нәтижелері туралы, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ЦДИжАӨМАҚК) болып табылатын майнинг мәселелері жөніндегі уәкілетті органды хабардар ететін болады.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (ҚР ЦДИжАӨМАҚК) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға төлемақы төлеушілер туралы мәліметтерді ұсынады.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органға төлемақы төлеушілер туралы мәліметтерді ғана (тоқсан сайын) ұсынады.

Қазіргі уақытта 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЦДИжАӨМАҚК -ге берілетін мынадай мәліметтерді енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралуда және бекітілуде:

- салық салу объектілері туралы;

- көрсетілген объектілердің орналасқан жері туралы;

- электр энергиясының көлемі туралы.

Әсері:

  • сандық майнинг үшін салық төлеушілерді әкімшілендіруді жақсарту;
  • ЦДИжАӨМАҚК ұсынатын мәліметтер негізінде сандық майнинг үшін Мемлекеттік кірістер органдарының төлемақы есептеуі;
  • төлемдердің толықтығы мен уақтылығын бақылауды жақсарту;

майнинг фермаларының электр энергиясын бақылаусыз тұтынуын азайту.