Жарияланған күні: 30.11.2021 17:33
Өзгертілген күні: 30.11.2021 17:45

Шағын футбол, волейбол және арқан тартудан жарыстар өткізу туралы

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын" мерекелеу құрметіне салауатты өмір салтын насихаттау және құрылымдық бөлімшелер арасында ұжымдық рухты нығайту мақсатында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы 25-26.11.2021 жылы Қарағанды экономикалық университетінің спорт алаңында шағын-футбол, волейбол және арқан тартудан жарыстар өткізді.

Жарысқа 8 командалар қатысты:

1. МКД  (облыстық аппарат командасы);

2. КЕДЕН (кедендік блок командасы);

3. ТАМОЖНЯ (кедендік блок командасы);

4. ҚАЗЫБЕК БИ (Қазыбек би атындағы аудан бойынша МКБ командасы);

5. БАТЫС (Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жаңа-Арқа, Ұлытау аудандары бойынша МКБ-лар құрама командасы);

6. СОЛТҮСТІК (Теміртау қаласы, Осакаров, Нұра, Бұхар-Жырау аудандары бойынша МКБ-лар құрама командасы);

7. ОҢТҮСТІК (Балқаш, Приозерск қалалары, Қарқаралы, Ақтоғай, Шет аудандары бойынша МКБ-лар құрама командасы);

8. ОРТАЛЫҚ (Саран, Шахтинск қалалары, Абай және Октябрь аудандары бойынша МКБ-лар құрама командасы).

Үлкен жұмыс көлеміне қарамастан, қызметкерлер бірлескен спорттық уақытты өткізу үшін және өздерінің белсенді өмірлік ұстанымдарын жариялауға уақыт пен күш таба білді.

Спартакиада бізге тағы бір рет бірге болуға мүмкіндік береді, өзімізді сөзбен емес, іс жүзінде бірыңғай команданың толық құқықты қатысушысы ретінде сезінуге, тәртіпке келтіруге, өз күшімізді нақты бағалауға, мінезіміз бен ерік-жігерімізді шыңдауға мүмкіндік береді. Спартакиадаға қатысушылар командалық серіктестіктің жағымды қуатымен қуаттанды, қызметтің кез келген учаскесінде кәсібилігін тағы да растады.

Жарыс қорытындысы бойынша командалар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Волейболдан (әйел/ер) - I орын– КЕДЕН, II орын - ОРТАЛЫҚ, III орын - МКД, спорттың осы түрінде «Ең үздік ойыншы» деп Г. Алымкулова танылды;

Мини футболдан (ерлер) - I орын– КЕДЕН, II орын - Таможня, III орын - МКД, спорттың осы түрінде «Ең үздік қақпашы» деп Б. Абдрахманов, «Ең үздік шабуылшы» болып С. Алдибеков танылды;

Арқан тартудан (ерлер) - I орын– КЕДЕН, II орын - СОЛТҮСТІК, III орын - ОРТАЛЫҚ;

Жарысқа жалпы МКД және МКБ 100-ге жуық қызметкерлері қатысты.Қатысушылар грамоталармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.