Жарияланған күні: 12.11.2021 18:16
Өзгертілген күні: 12.11.2021 18:18

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен кездесу өтті

2021 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Рустам Рамазанұлы Айдархановпен Этикалық кодекс, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңы нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Кездесу барысында сындарлы диалог құрылып, қызметкерлерді толғандыратын: жалақының төмендігі, әлеуметтік қамсыздандырудың, спорт залының, асхананың жоқтығы, ұйымдастыру техникасымен нашар жарақтандырылуы, сапасыз интернет, МКО әкімшілік ғимараттарында жөндеудің болмауы және т.б. мәселелер тыңдалды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 қарашасына Қарағанды облысының басқа да Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерімен кездесу жоспарланған.