
Онлайн брондау «e-Salyq mobile»
Мемлекеттік кірістер департаменті халық пен бизнестің мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылына қолайлы жағдай жасау «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасында мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондау мүмкіндігі іске асырылды. Бұл функция қызмет алушыларға кезек күту түрінде уақыт шығындарын жоюға мүмкіндік береді.
Коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары болған жағдайда, алдын-ала брондау мүмкіндігі қызмет алушылардың ағынын реттеуге, сервис орталықтарында кезектердің пайда болуына жол бермейді.
Онлайн брондау
«e-Salyq mobile» мобильді қосымшасының «Электрондық қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеттің порталында қол жетімді.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеттің порталында «Сауалнама» бөлімінде салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының пікірлерін алу үшін онлайн-сауалнама іске асырылды.