
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 176 – бабында көзделген тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) енгізу мерзімдерін 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде кезең-кезеңмен енгізе отырып ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Бұл ретте 2020 жылғы 1 қарашадан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымын алып қою тізбесінен тауарларды, акцизделетін тауарлар мен электрондық шот-фактураларды Виртуалды қойма модулі арқылы жазып берілетін тауарларды өткізетін салық төлеушілер үшін ТІЖ рәсімдеудің пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, ТІЖ ЕАЭО шеңберінде экспорттық-импорттық операциялар кезінде барлық тауарлар бойынша ресімдеуге жатады.