Жарияланған күні: 08.09.2020 19:32
Өзгертілген күні: 08.09.2020 19:33

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы 2019 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың орталықтандырылған есебін жүргізді.

Көлік құралдары салығын есептеуді іске асыру мақсатында «ИДБ» АЖ және «Сервис орталығы» АЖ ақпараттық өзара іс – қимыл шеңберінде алынған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің көлік құралдары дерекқорының мәліметтері пайдаланылды.

 Сонымен бірге, салықты дұрыс есептемеуге және оларды жедел түзетуге әкеп соқтырған көлік құралдары туралы дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайларды оны түзету қызметі әзірленді.  Бұл көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қоса алғанда, түзету үшін онлайн режимінде өтініш беруге, көлік құралын иеліктен шығуына байланысты мәліметтер базасынан шығаруға мүмкіндік береді.

 Бұл қызметті «e-Salyq» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалана аласыз, оны «App Store» мен «Play Market» - тен жүктеуге болады.

Өтінішті 4 негізгі санат бойынша беруге болады:

  1. «Көлік маған тиесілі емес» - егер мәліметтер базасында иесіне тиесілі емес көлік құралы болса;
  2. «Көлік құралы туралы ақпаратты түзету» - көлік құралының дұрыс емес сипаттамалары, оның ішінде көлік құралының санаты, қозғалтқыш мөлшері, мемлекеттік нөмір, тіркеу күні және т.б.;
  3. «Көлік құралы базада жоқ» - базада меншік иесіне тиесілі көлік құралы болмаған жағдайда;
  4. «Көлік ұрланып кеткен» - егер мәліметтер базасында іздеуде тұрған көлік құралы болса.