Жарияланған күні: 18.08.2020 15:13
Өзгертілген күні: 18.08.2020 15:13

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылғы 20 мамырда № 307 бекіткен 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды (бұдан әрі – кешенді жоспар) іске асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер органдары қаржы дағдарысын бастан кешіретін кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер үшін оңалту рәсімін белсенді ілгерілету бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Кез келген заңнамалық акт сияқты, "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) белгілі бір терминологияны қамтитын, көбінесе салық төлеушілердің көпшілігіне түсініксіз ресми құжат болып табылатыны белгілі.

Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдары әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында оңалту рәсімін қолдану бөлігінде заңнама нормаларын кезең-кезеңмен түсіндіруді жүргізеді.

Бұрын салық төлеушілерге оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну тәртібі, қажетті құжаттар тізімі, қаржылық тұрақтылық класын анықтау тәртібі және оңалту рәсімін қолдану салдары жеткізілді.

Бүгінгі таңда "оңалту жоспары" дегеніміз не, осы оңалту жоспарының не және қалай жасалатынын , оның артықшылықтарын түсіндіретін уақыт келді.

Оңалту жоспары – оңалту рәсiмiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғаның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлар, бiртектi кредиторлар тобы арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесiн қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi.

Салық төлеушілердің назарын аударған жөн, жасалған оңалту жоспары борышкерге өз активтерін, кірістерін, шығыстарын қажетсіз жүйкесіз жоспарлы түрде бөлуге, қосымша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептемей кредиторлық берешекті өтеу кестесін жасауға мүмкіндік береді.

Яғни, оңалту рәсімін қолдана отырып, ол өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты басымдықтарды қаншалықты тиімді қоя алатындығына байланысты.

Алайда, Заңның 26-1-бабына сәйкес оңалту жоспары кредиторлар жиналысымен келісілетінін және бекітілген оңалту жоспарына өзгерістер енгізу Заңның 26-2-бабына сәйкес кредиторлар жиналысының келісімімен ғана мүмкін болатындығын ескеру қажет.

Оңалту жоспарын Заңның 73-бабына сәйкес сот бекітеді.

Оңалту рәсімін қолдануға қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша 87212-410919, сот телефондары арқылы хабарласуға болады.87756152325 жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап. сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 18.30-ға дейін.