
Сіздердің назарларыңызға бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты біздің еліміз қиын кезеңдерді бастан кешіп жатқанын, осыған байланысты кәсіпкерлік субьектілері банкротқа ұшырау шегінде екенін жеткіземіз.
Алайда, банкрот деп танылған жағдайда кәсіпорын жойылады, ал қызметкерлер қаражатсыз қалады.
Мұндай шектентыс шараларды болдырмау және елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылғы 20 мамырдағы № 307 экономикалық өсуді 2020 жылдың соңына дейін қалпына келтіру жөніндегі Кешенді жоспарды (бұданәрі – Кешенді жоспар) бекітті.
Жоғарыда көрсетілген Кешенді жоспардың 77 – тармағында қиындық көріп отырған кәсіпорындарды қолдауүшін "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұданәрі-заң) сәйкес оңалту рәсімдерін белсенді жылжыту көзделген.
Кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық жағдайына оң әсеретуі мүмкініс-шаралардың бірі оңалту рәсімін қолдану болып табылады.
Бұл дегеніміз қандай және қай жағдайларда кәсіпорын оңалту рәсімін қолдануға құқылы?
Біріншіден, бұл оңалтуды қолдану сот шешімі негізінде жүзеге асырылатынына тап өту қажет.
Борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі борышкердің немесе кредитордың "Оңалту және банкроттық туралы" ҚР Заңының 5-1-бабына сәйкес оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуі үшін негіз болып табылады.
Алайда, егер өтініш оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл өткенге дейін берілген жағдайда, сот оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті кері қайтаратынына назар аударуыңыз қажет.
Сондай-ақ "Оңалту және банкроттық туралы" ҚР Заңының 49-1-бабымен регламенттелетін қаржылық орнықтылық сыныптарын айқындау маңызды.
1. Борышкердің қаржылық орнықтылық сыныбын айқындау оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын коэффициенттерді есептеу арқылы жүзеге асырылады.
2. Қаржылық орнықтылық сыныбының шекараларына сәйкес борышкер мына сыныптардың біріне жатады: І сынып – қаржылық жағынан орнықты; ІІ сынып – банкроттық қатерімен ұштасқан, бірақ қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру мүмкіндігі бар; ІІІ сынып – қаржылық жағынан орнықсыз.
3. Коэффициенттерді есептеу және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша әкімші төменде санамаланған қорытындылардың бірін қамтитын борышкердің қаржылық орнықтылық туралы қорытынды жасайды:
1) борышкер қаржы тұрақтылығының I сыныбына жататын болса, оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш негізсіз болып табылса;
2) борышкер қаржы тұрақтылығының II сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жататын болса, оны банкрот деп тану үшін негіздер болса.
Борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыны уақытша әкімші және уақытша басқарушы осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып жасайды.
Оңалту рәсімін қолданудың артықшылықтарына қатысты:
- қолда бар кредиторлық берешекті 5 жыл ішінде өтеу мүмкіндігі;
- оңалту немесе банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған сәттен бастап борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлды) есептеу тоқтатыла тұрады;
- соттардың бұрын қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерді, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ меншік иелерінің (құрылтайшылардың, қатысушылардың), олар уәкілеттік берген борышкер органдарының немесе органдарының оның мүлкіне қатысты шешімдерін орындау, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескермей, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдерді қоспағанда, тоқтатыла тұрады;
- кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары үшінші тұлғалардың кепілгерліктерді орындау жөніндегі талаптарын қоспағанда, осы Заңда көзделген оңалту немесе банкроттық рәсімдері шегінде ғана қойылуы мүмкін, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда кепіл нысанасынан өндіріп алуды қолдану;
- кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органының және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын өзге де уәкілетті мемлекеттік органның талаптары бойынша борышкердің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ борышкердің мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді;
- борышкердің жарғылық капиталындағы акцияларды, үлестерді иеліктен шығаруға тыйым салынады
Соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдар басталады:
- қарапайым коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер жасауға тыйым салынады;
- алынған қарыздар мен шығарылған облигациялар бойынша сыйақы есептеу тоқтатылады;
– оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін төлеу мерзімі басталған моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескерместен, өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдерді қоспағанда, соттардың қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерді, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай – ақ борышкер дара кәсіпкердің, мүліктің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), борышкер заңды тұлғаның құрылтайшыларының (қатысушыларының) оның мүлкіне қатысты шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар Заңның 50, 68-баптарымен регламенттеледі.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша 87212-410919 тел., 87756152325 үялы тел., жұмыс күндері сағат 09.00 сағат 18.30 дейін (үзіліс уақыты сағат 13.00 сағат 14.30 дейін)