Жарияланған күні: 23.07.2020 15:45
Өзгертілген күні: 23.07.2020 15:48

Қазақстан Президенті 2020 жылғы 2 шілдеде № 354 –VI  Қазақстан Республикасының заңына "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қол қойды.

Оған сәйкес 2019 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, жеке тұлғалар үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері үшін құралған мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша негізгі қарызды сомаларын төлеу шарты кезінде өсімпұлдарды есептен шығаруға салық рақымшылығын жасау көзделген.

Салық төлеушінің 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жеке шотында есептелген өсімпұл сомасы, сондай-ақ оны төлеген күнді қоса алғанда, оны төлеуге дейінгі осындай берешек сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады. Бұл ретте өсімпұл берешек төленген салық түріне сәйкес есептен шығарылады. Салық рақымшылығын жүргізудің мерзімі - 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Салық рақымшылығын қатысқан азаматтарға есептелген санкциялардан босатылуына мүмкіндік береді, бұл өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттырады.