
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы
жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау туралы
Жеке қабылдауға келу мүмкіндігі болмаған жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау «Азаматтарды онлайн-қабылдау» (бұдан әрі – онлайн-қабылдау) режимінде жүргізіледі.
Онлайн-қабылдауды Департамент басшылығы бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес алдын-ала жазылу бойынша Интернет-қосымшаларды (SKYPE (Скайп) немесе ZOOM және өзге де байланыс құралдары) пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін онлайн-қабылдауға жазу Департаменттің Ұйымдастыру-қаржы басқармасы ұйымдастыру бөлімімен ЭҚАБЖ АЖ-дағы карточкалар бойынша жүргізеді.
Жазылу телефон нөмірлері:
Қабылдау бөлмесі 41-33-00
Ұйымдастыру-қаржы басқармасы 41-09-38