Жарияланған күні: 21.05.2020 17:31
Өзгертілген күні: 21.05.2020 17:32

Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

 

2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында  940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді.

 

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау - чек талап етіңіз» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.