Жарияланған күні: 08.04.2020 15:32
Өзгертілген күні: 08.04.2020 15:32

 Қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдарын тіркеуге мүмкіндігі жоқ көлік иелеріне заңнамамен 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге мүмкіндік берілгеніне назар аударамыз.  

Уақытша тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды және басқа адамдарға пайдалану мен иеліктен шығару құқығын беруге шектеу қою арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, уақытша тіркеу үшін мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж талап етіледі.

Уақытша тіркеу автокөлік иелеріне 2021 жылдың 1 наурызына дейін залалсыздандыру ақысы мен кедендік төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді. Осы төлемдер төленгеннен кейін көлік құралы үнемі тіркеуге қойылады.