Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 482-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
Салық кодексінің 484-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мыналардың:
1) жұмыскердің Салық кодексінің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Салық кодекінің 644-бабы 1-тармағының 20), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің;
2) Салық кодексінің 220-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары Салық кодексінің 482-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Осыған байланысты, бұл әлеуметтік салық салу объектісі болып қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің (еңбекақы төлеу) шығыстары табылатындықтан, төтенше жағдай кезеңінде МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдер, ҚР ЕХӘҚМ Бұйрығымен көзделген, әлеуметтік салық салу объектісі болып танылмайды, тиісінше, әлеуметтік салық салынбайды.