Жарияланған күні: 02.03.2020 09:10
Өзгертілген күні: 02.03.2020 09:11

ЕАЭО-ның Кеден кодексіндегі тауарларды сыныптау «Қазақстан Республикасындағы  кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабының 2-тармағының ережелеріне сәйкес декларант және өзге тұлғалар кедендік декларациялау кезінде және халықаралық шарттар мен кедендік реттеу саласындағы  актілерге сәйкес кеден одағына ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар коды мәлімделетін өзге де жағдайларда, тауарларды сыныптауды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес дербес жүзеге асырады. Бұл ретте, таураларды сыныптаудың дұрыстығын тексеруді кеден органы жүзеге асырады.

Кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де тауарлардың дұрыс сыныпталмағаны анықталған жағдайларда кеден органы тауарларды дербес сыныптауды жүзеге асырады және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №210 бұйрығымен бекітілген қағидаға  ҚР КК-нің 40 бабының 3 тармағына  (1 тармақша) сәйкес Шешім қабылдайды.

 Кеден органдары таурлар кедендік декларацияланға дейін оларды сыныптауды тұлғалардың өтініші бойынша ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сейкес тауарларды  туралы алдын ала шешімдер және ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асыра алады. (ҚР КК 41-бабының 1 тармағы).

2019 жылда Қарағанды облысы бойынша МКД-мен 271 сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданды. Сыныптау шешімдерін қабылдауы бұл  қызмет көрсетудің ең сураныс қызметі болып табылады. Негізінен сыныптау туралы алдын ала шешімдер  84 топтың тауарлары «Машиналар, жабдықтар мен механизмдер және олардың бөліктері»қатысты қабылданады.