
Сату айналымы туроператордың шығыс туризм бойынша қызметтерін көрсету кезінде анықталады - туристік өнімді өткізу құны мен сақтандыру, жолаушыларды тасымалдау және тұру, оның ішінде тамақтану құны, егер мұндай тамақтану құны бағаға енгізілген болса.
Егер айналым нөлге тең болса, онда салық төлеушілер шот-фактурада немесе басқа құжатта көрсететін ҚҚС сомасы да нөлге тең болады.
Егер туристік өнімді өткізу бұйыру келісімшартына сәйкес өткізілсе, туристке шот-фактураны жазып беру туроператормен (сенімгермен) жүзеге асырылады, ал турагент (сенім жүктелген) шот-фактураны өзінің сыйақы соммасына жазып береді.
Егер туроператор (комитент) ҚҚС төлеушісі болып табылса, турагент (комиссионер) туристке электрондақ шот-фактураны жазып беруге міндетті. Егер туроператор (комитент) ҚҚС төлеушісі болып табылмаса, туритке электрондақ шот-фактураны жазып беру міндеті, турагент (комиссионер) ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда ғана туындайды.
Бұл ретте турагент (комиссионер) өзінің сыйақысын өткізу бойынша айналым ретінде танығанына қарамастан, ЭШФ-да турөнімнің құңы мен сыйақы құны көрсетіледі.