Жарияланған күні: 06.12.2019 09:37
Өзгертілген күні: 06.12.2019 09:38

Ұлт Жоспарына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттің дербес деңгейі ретінде елімізде кезең-кезеңмен енгізілуде.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халқы 2000 адам және одан төмен аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер бюджетінің төртінші деңгейіне көшуді көздейді.

Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру шеңберінде тиісті бюджеттердің жобаларын талқылауға азаматтардың қатысу тетіктерін енгізу көзделген.

Дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде және азаматтардың өз ауылын, кентін дамытуға бағытталған шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бюджеттің жаңа деңгейі салықтық және салықтық емес төлемдерден түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатын болады.:

- төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

- жеке тұлғалардың мүлік салығы;

- жеке және заңды тұлғалардан көлік салығы;

- елді мекендер жерлеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы;

- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;

- коммуналдық меншіктің мемлекеттік мүлкін жалға беруден;

- жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары;

- "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алынатын айыппұлдар»;

- коммуналдық меншікті сатудан түсетін кірістер, сондай-ақ аудандық бюджеттен түсетін трансферттер.

Осылайша, 4-деңгейдегі дербес бюджеттер халықтың елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, автожолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлауға және пайдалануға мүмкіндік береді, бұл түпкі нәтижесінде адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және елді мекендердің сыртқы келбетін жақсартуға ықпал ететін болады.