Жарияланған күні: 04.12.2019 09:44
Өзгертілген күні: 04.12.2019 09:47

Экономиканы сауықтындырудың неғұрлым маңызды міндеттердің бірі барлық тиімсіз және перспективалы өндірістерді тарату болып табылады. Дәрменсіз борышкерді оңалтуға бағытталған арнайы рәсімдерді жүргізу шарттары және тәртібі Заңмен реттеледі. Төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарды сауықтыру қаржы – экономикалық бойынша жұмыс жүзеге асырылатын оңалту рәсімі басым болып табылады.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес, оңалту рәсiмi – сот тәртібімен енгізілетін рәсiм, оның шеңберiнде төлемге қабiлетсiз борышкерге оның таратылуын болғызбау мақсатында борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 72-бабында кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібі оңалту рәсімінде көзделген.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 72-бабының 1 тармағына сәйкес уақытша әкімші өзі тағайындалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді. Кредиторларға хабарлаудың бұл түрі тиісінше орындалған болып табылады.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының 72-бабының 2 тармағына сәйкес кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабар жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімденуге тиіс.

Кредиторлардың талаптарында талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар туралы жеке-жеке) мәліметтер, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі. Кредиторлар талаптың негізділігі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды да ұсынуға құқылы.