Салық кодексінің 428-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарлардың тізбесі және оны қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығымен бекітілген.
1.Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;
10) тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер ҚҚС осы бапта айқындалған тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте бұл тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:
1) одан әрі өткізуге арналмаған;
2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;
3) қосалқы бөлшектер, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:
1) осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;
2) тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын беретін, тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына жатқызуға мүмкіндік беретін құжаттарды ұсынады. Қажет болған жағдайда бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда ҚҚС сомасы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
Есепке жатқызу әдісімен төленген ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен ҚҚС бойынша декларацияда бір мезгілде есептеу мен есепке жатқызуда көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға ҚҚС тауарларды әкелу кезінде ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде төленуге жатады.
Қарқаралы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы