Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:
1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;
2) электрондық нысанда;
3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.
Электрондық өтініш әдісі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:
дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
мемлекеттік мекемелердің;
Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;
резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;
ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша тұлғалардың құқығы жоқ.
Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.
Салық төлеушілер қосымша құн салығын төлеушілер болады:
1) салықтық өтініш берілген күннен бастап (қағаз жүзінде, айқын негізде, электронды түрде)
2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап (резидент заңды тұлға бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезде).