Жарияланған күні: 11.09.2019 15:00
Өзгертілген күні: 11.09.2019 15:01

ЕАЭО алқасының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешіміменге (бұдан әрі – Шешім) сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары:

  • алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда көліктің әуе түрімен әкелінетін тауарлардың белгіленген нормасы - құны 10 000 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг-нан аспайды;
  • алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуе жолағынан өзгеше көлік түрлерімен әкелінетін тауарлардың белгіленген нормасы - құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг-нан аспайды;
  • тасымалдаушы ЕАЭО кедендік аумағына жеткізетіндер - құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды;
  • ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетіндер құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық почта жөнелтілімдерінің брутто салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды.

Шешіммен белгіленген кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері, құн және (немесе) салмақтық нормадан асып түсу бөлігінде құнының 30 пайызы, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждарды құрайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы» № 250 бұйрығы сәйкес жеке тұлғалармен айына бір реттен артық тауарлар әкелуін шектемейді, жиілік тек айына бір рет бажсыз 25 кг 500 еуро жеңілдікке әсер етеді.

Олай болса, коммерциялық мақсатта  немесе тауарларды әкелудің санының  белгіленген нормадан асқан жағдайында белгіленген кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін төлеу қажет.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО кеден аумағына тасымалдаушылармен жеткізілетін және халықаралық пошта жөнелтілімдермен жөнелтілетіндер ЕАЭО кеден аумағына кедендік баждардың, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу шеңберінде Шешіммен белгіленген құндың нормалардың өзгеретіні қарастырылғанын еске саламыз. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құны 200 еуроға бұл ретте салмағы 31 кг төмендейтін болады және жиелік бір жеке тұлға үшін бір мекен-жайға күнтізбелік 1-ай ішінде өзгеріссіз қалады.