Жарияланған күні: 04.09.2019 16:44
Өзгертілген күні: 04.09.2019 16:45

Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшейтілген жұмыс жүргізуде

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзады, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді, әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіреді.

Жезқазған қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта халық арасында да, жеке құрам арасында тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Мемлекеттік қызметті тұтынушылар үшін, мемлекеттік кірістер басқармасында және кеден бекеттерінде шағымдарға арналған жәшіктер орнатылған, азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету және жемқорлыққа қарсы іс-қимылды түсіндіретін ақпараттық стенділері орналастырылған, сондай-ақ «сенім телефоны» жұмыс істейді.

Қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты және құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекет пен  қоғамды осы әлеуметтік зұлымдықпен күресуге шоғырландыру - мемлекеттік қызметкерлердін басты міндеті болып табылады.

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің Негізгі шарты ол мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамның сенім, өзара жауапкершілік, әріптестік, айқындық, ашықтық және есеп берушілік принциптері негізінде  жаңа қарым-қатынасы қалыптасуы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактісін анықталған кезінде, азаматтарға, жергілікті мемлекеттік кірістер органына фактілер мен деректертерді өтініш ретінде ұсынады, мекен-жайымыз Жезқазған қ., Бейбітшілік даңғылы, 26, "Ішкі жұмыс бөлімі" 26 кабинет. Өтінішті қағаз немесе электрондық түрде электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Жезқазған қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, "Сенім" телефоны 8(7102) 733514.