Осакаров ауданы бойынша салық басқармасы ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің 207 бабына сәйкес сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде базарлардағы сауда орындарын уақытша пайдалануға ұсынатын тұлғалардың жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жасайды және салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына табыс ететіндігін еске салады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 432 бұйрығымен бекітілген. Осыған байланысты жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін ұсыну бойынша міндеттемесі бар салық төлеушілер 2018 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей 871.00 нысанын ұсынуы қажет.
Осакаров ауданы бойынша МКБ