2019 жылдан бастап онлайн-БКМ (бақылау-кассалық машина) базарларда сауданы жүзеге асыратын бизнесмендер қолдануы тиіс, ал 2020 жылдан бастап бұл тізімді патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер, сондай-ақ шаруа қожалықтары толықтырады»
Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді (10-нан 27-ге дейін), оларды жүзеге асыру кезінде ҚР аумағында салық төлеушілер онлайн-БКМ қолдануға міндетті. Оған: автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын сату, сусындарды, фармацевтикалық тауарларды көтерме сату, киім сату, ломбардтардың, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша агенттіктердің қызметі, жарнама агенттіктерінің қызметі және т.б. кірді.
ҚР Қаржы министрлігі ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 "Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер ақшалай есеп айырысу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы"бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бұйрық жобасын әзірледі.
Осакаров ауданы бойынша МКБ