Жарияланған күні: 20.12.2018 18:24
Өзгертілген күні: 09.01.2019 10:18

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты жиналыс өтті. Департамент басшысы Алмат Отжанұлы Иманғожин құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Еңбекқорлығы, көпжылдық және адал еңбегі үшін басшы департамент қызметкерлеріне медальдар, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.