
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде кәсіпкерлер қауымдастығы басшыларының қатысуымен Консультативтік кеңестің отырысы өтті.
Консультативтік кеңес отырыстарының негізгі мақсаттары шағын және орта бизнесті қолдау, іскерлік белсенділікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы тұру, Экономикалық тергеу қызметінің қызметі, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыс және шешімдер қабылдау болып табылады.
Отырыста Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қайрат Мұрзасалықұлы Орқашбаев кіріспе сөз сөйледі. Ол жиналғандарды отырыстың күн тәртібімен таныстырды.
Отырыстың негізгі тақырыптары салықтық тексеру жүргізудің жеке мәселелері болды. Осы тақырыппен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің салық актілерін бақылау басқармасының №1 салық актілерін бақылау бөлімінің басшысы Андрей Петрович Батищев таныстырды. Мемлекеттік кірістер департаменті тексерулердің санын азайту бойынша елеулі шаралар қабылдауда. 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 2017 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда тексеру санының төмендеу көрсеткіші 59,9% құрайды. Тиісінше бұл кешенді және тақырыптық тексерулердің қорытындылары бойынша қосымша есептелген сомалардың 91,0% - ға айтарлықтай азайды.Айта кетсе, 2018 жылы бизнеске жасалатын қысымды, салық тексерулерін азайту мақсатында Кәсіпкерлік кодексіне және Салық кодексінде айқындалған ішінара және жоспардан тыс салықтық тексерулердің едәуір қысқаруына негізделді.
Сондай-ақ Салық кодексіне жеке практикамен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтатқан кезде, яғни камералдық бақылау қорытындысын жасау жолымен салықтық тексеру жүргізуді жоятын өзгеріс енгізілді. Аталған жаңашылдықтар жүргізілген тексерулердің санын қысқартуға бағытталған.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Дастан Маратұлы Дарыбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс туралы таныстырды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберінде түсіндіру жұмысы басқармасы мынадай жұмыстар жүргізеді: теледидарда, баспа басылымдарында, Департаменттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша мақалалар жарияланады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі, Департамент қызметкерлерімен және оның аумақтық бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу.
Отырыс соңында Консультативтік кеңестің қатысушылары салық және кеден заңнамасы саласындағы проблемалық мәселелерді талқылады.