Жарияланған күні: 16.11.2018 15:22
Өзгертілген күні: 16.11.2018 15:22

Ауылдардың (селолардың), кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті туралы

Елбасының 5 институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізілді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес, мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

4) мыналардан:

тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы: аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде; аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде; аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы.

Бұл ретте, ауылдардың (селолардың), кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі ретінде 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап халқы 2000 адамнан асатын әкімшілік бірліктерде енгізілген, ал, 2020 жылдан бастап барлық жерде енгізіледі.

Қазіргі таңда, салық төлеушілермен жоғарыда аталған мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейіне жататын салықтар бойынша салықтық есептілікті тапсыру және төлеу барысында қателіктер орын алуда, сол себепті, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, жоғарыда аталған салықтарды тиісті бюджетке төленуін және салықтық есептілікте мәліметтердің дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында салық төлеушілердің назарына.

Құрметті салық төлеушілер!!! Сіздер осы жоғарыда аталған жергілікті салықтарды төлеу кезінде міндетті түрде өздеріңіздің орналасқан ауыл әкімшілігінің кодымен БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірін) бойынша төлеуді жүргізулеріңіз қажет.