Жарияланған күні: 23.06.2025 09:15
Өзгертілген күні: 23.06.2025 09:16

Жалған хабарлама

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті  интернет арқылы жалған хабарламалар жіберіліп жатқанын хабарлайды.

Осыған байланысты, күдік тудыратын сілтемелерге өтпеуге, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, келген ақпараттың шынайылығын тексеруге және барынша сақ болуға кеңес береміз.

Маңызды! ҚР ҚМ МКК басшылығының атынан салық төлеушілерге электрондық пошта, WhatsApp және Telegram арқылы ақпараттық жүйелерден хабарламалар жіберілмейді.