Жарияланған күні: 03.03.2025 16:17
Өзгертілген күні: 03.03.2025 16:18

Ресейге бидай, жасымық және майлы зығыр тұқымдарын әкелуге уқытша шектеулер туралы

Ресей Федерациясының федералдық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызметінің (Россельхознадзор) 15.02.2025 жылғы Ресей аумағы арқылы қазақстандық астық өнімдерінің транзитіне қатысты ақпаратына сәйкес ақпарат тәртібімен төмендегіні хабарлаймыз.

2024 жылғы 17 қазаннан бастап Қазақстан Республикасынан бидайды, жасымықты және майлы зығыр тұқымын Ресейге әкелуге енгізілген уақытша шектеулер қазақстандық тарап фитосанитариялық сертификаттарды түпкілікті межелі елге тікелей ресімдеген және Астықты теміржол вагондарынан кеменің трюмдеріне ауыстырып тиеген жағдайда осы өнімнің транзитіне қолданылмайды.

Жоғарыда аталған қазақстандық астық өнімдерінің Ресей аумағы арқылы Үшінші елдерге транзиті инфрақұрылымы карантиндік зиянды организмдердің Ресей аумағы арқылы таралу қаупін болдырмайтын астықты кемеге тікелей ауыстырып тиеуге мүмкіндік беретін белгілі бір теңіз порттары арқылы ғана мүмкін болады.