Пресс-релиз
Кедендік тізілім қызметін «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: кеден сфере саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін өзгерістер
«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда тізілімдерге енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:
· Кеден қоймаларының иелері
· Еркін қоймалардың иелері
· Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері
· Уақытша сақтау қоймаларының иелері
· Бажсыз сауда дүкендері
· Кедендік өкілдер
· Кедендік тасымалдаушылар.
2025 жылғы 10 ақпаннан бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік реттеу саласында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.
Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаттары жасалған:
https://t.me/kedenkgdgovkz/26371 – кеден өкілдері үшін
https://t.me/kedenkgdgovkz/26372 – уақытша сақтау орындарының иелері үшін
https://t.me/kedenkgdgovkz/26374 – бажсыз сауда дүкендері үшін
https://t.me/kedenkgdgovkz/26373 – кедендік тасымалдаушылар үшін.
Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:
+7 7172 73 55 19
+7 705 956 53 89
e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.