Жарияланған күні: 13.09.2024 18:58
Өзгертілген күні: 13.09.2024 19:02

Кедендік операцияларды жүргізу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бөлігінде «Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2024 жылғы 19 тамыздағы №278 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттік аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономиклық одақ елдерінен көлікің барлық түрлерімен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1001) әкелуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілді.