
Қарағанды облысы бойынша МКД «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенің хабарлайды.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларымен (270.00-нысан) және "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация" нысанымен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (krg.kgd.gov.kz) сайтында "Жеке тұлғаларға" - "Жалпыға бірдей декларациялау" бөлімінде танысуға болады.
Материалдарға сілтеме: https://krg.kgd.gov.kz/kk/content/zhalpyga-birdey-deklaraciyalau-11-0