Жарияланған күні: 12.06.2023 11:20
Өзгертілген күні: 12.06.2023 11:22

Бірыңғай төлем еңбекақы қорына жүктемені төмендетті

Жалдамалы қызметкерлердің көрінбеуі - үлкен проблема күйінде қалуда, бұл болашақта зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді ала алмау, медициналық қызмет алудағы шектеулер түріндегі әлеуметтік салдарға әкеп соғады.

Бүгінгі таңда 1,2 миллион дара кәсіпкерде жалдамалы жұмысшылары жоқ, ал 89,3 мың дара кәсіпкерде 1 ғана жалдамалы қызметкері бар. Кәсіпкерлердің тек 9,5 пайызында 5-тен астам қызметкері бар.

Кәсіпкерлердің қызметкерлерді «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбекақы төлеу қорының 20 пайызы мөлшерінде жалақыдан бірыңғай төлем енгізілді.

Бұл еңбекақы төлеу қорына жүктемені едәуір төмендетіп, төлемді жеңілдетті. Бірыңғай төлем бір төлеммен енгізіледі, одан әрі бөлуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізеді.

Бүгінгі таңда 491 кәсіпкерлер бірыңғай төлем төлеуде, оның ішінде бұрын жалдамалы жұмыскерлер көрсетпегендер саны - 35.

Яғни, жалдамалы жұмысшыларды көрсету біртіндеп ашылып келеді.