
Жалақыдан бірыңғай төлемді аудару үшін деректемелер
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында бірыңғай төлем енгізілді.
Бірыңғай төлем жүйесі үшін микро және шағын кәсіпкерлік үшін әлеуметтік төлемдерді еңбекақы төлеу қорынан аудару үшін шот ашылды:
-«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
-«Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар;
-«Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар.