Жарияланған күні: 27.01.2023 18:05
Өзгертілген күні: 27.01.2023 18:06

Мемлекеттік баж төлеудегі өзгерістер

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік баж төлеудегі өзгерістер туралы келесіні хабарлайды.

Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты (51 және 52-баптар) мемлекеттік баж есептеледі:

БСК 108125 «Республикалық бюджетке есептелетін мемлекеттік баж» Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартына сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж есептеледі;

БСК 108126 «Жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж» мемлекеттік баждардың барлық басқа түрлері есепке алынады.