Жарияланған күні: 02.08.2022 10:39
Өзгертілген күні: 02.08.2022 10:40

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2022 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша қызмет қорытындысы шығарылды

Осылайша, мемлекеттік бюджетке кіріс түсімдері жоспарының орындалуы 105,3% құрады, жоспар бойынша 447,1 млрд.теңге болса, мемлекеттік бюджетке 470,7 млрд. теңге түсті.

Мемлекеттік бюджетке түсімдердің өсімі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 163,3% немесе 182,4 млрд.теңгені құрады.

Бизнес субъектілері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі 31,6 млрд.теңгені құрады, 2022 жылдың басымен салыстырғанда 14,5 млрд. теңгеге немесе 31,4% - ға төмендеді. Берешектердің азаюы, соның ішінде ақшалай қаражатпен өндіріп алу есебінен қол жеткізілді – 12,2 млрд. теңге, өз бетінше өтеу-10,8 млрд.теңге.

Есепті кезеңде сыртқы сауда айналымы 3,1 млрд.АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы талданған кезеңіне қарағанда 21,2% - ға немесе 539 млн.АҚШ долларына өсті.

2022 жылдың 1 жартыжылдығында 21,4 млрд. теңге сомасында қосымша түсімдер қамтамасыз етілді. Барлығы 219,7 млрд. теңге бұзушылық сомасы бойынша 10 797 хабарлама камералдық бақылаудың орындауында болды, оның ішінде 160,8 млрд.теңге бұзушылық сомасы бойынша 6 665 хабарлама орындалды, 13,7 млрд. теңге сомасында салық есептелді, барлығы 11,2 млрд. теңге өндірілді.

Департаментпен 309 салықтық тексеру жүргізілді. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тексерулер санының 7,2% - ға төмендегені байқалады. Салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша 2,9 млрд. теңге сомасына салық қоса есептелді.

Есепті кезеңде 22 118,1 литр алкоголь өнімі, 6510 қорап темекі өнімдері акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы анықталды.

Мемлекеттік кірістер органдарымен 622 528 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 619 840 қызмет немесе 99,6% электрондық өтініштер бойынша көрсетілді.

Алқа қорытындысы бойынша, департамент басшысы А.Мәдиевпен 2022 жылдың 3 тоқсанына бюджеттің барлық түрлерін орындау және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.