
Сіздердің назарларыңызға Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2022 жылдың 5 айындағы қызметі туралы есебін баяндауға рұқсат етіңіздер.
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша жоспарды сапалы орындау, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсу қарқынын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауы бойынша салықтық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
01.06.2022 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке салық төлемдері бойынша жоспар 111% - ға орындалды. Жоспар бойынша 113 млрд. теңге болған, бюджетке нақты түскені 125 млрд. теңге, жоспар 12 млрд. теңгеге асыра орындалды.
Жергілікті бюджет кірістері бойынша жоспар 116% - ға орындалды, жоспар бойынша 22 млрд. теңге болған, нақты түсімдер 25 млрд. теңгені құрады.
Республикалық бюджетті атқару жөніндегі негізгі іс-шара салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын әкімшілендіру жолымен бюджетке қосымша түсімдерді анықтау болып табылады.
Осылайша, 2022 жылдың 5 айында республикалық бюджетке 628 млн. теңге сомасында қосымша резервтер түсімі қамтамасыз етілді.
Әкімшілендірудің негізгі бағыттарының бірі көлеңкелі экономикамен күрес болып табылады.