
Ануар Мадиев Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды
ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке Ануар Маратұлы Мадиев тағайындалды.
Ануар Мадиев 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша - заңгер, экономист, заң ғылымдарының кандидаты. ҚР Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын (үздік диплом), Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірді.
Еңбек жолын 2000 жылы ішкі істер органдарында бастады. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі - 19 жыл. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде бас сарапшы, ҚР ҚМ Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ведомстволық бақылау басқармасының сарапшысы, Экспорттық бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Саудалық емес айналым басқармасының басшысы лауазымын атқарды.