
2022 жылы СЕН 851.00 беру тәртібі
2022 жылы СЕН 851.00 беру тәртібі (республикалық маңызы бар, астана бюджеттеріне түсетін төлем бойынша салық есептілігін қоспағанда);
1) 2022 жылдың 20 ақпанына дейін берілетін мерзімде 851.00 СЕН «төлеуге есептелген төлемақы сомасы» бағанында «0» деп көрсету қажет;
2) 2022 жылғы 25 ақпанға дейінгі мерзім бойынша төлемақының нақты сомаларын бюджетке енгізуді бюджет деңгейін ескере отырып жүзеге асыру қажет, яғни:
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша төлемақы – бюджеттің төртінші деңгейіне;
басқа жер учаскелері үшін төлем – бюджеттің үшінші деңгейіне;
3) жаңа СЕН 851.00 ресми бекіткеннен кейін (2022 жылдың 30 наурызына дейін жоспарлануда), салық төлеушілерге төлем сомаларын бюджеттер деңгейлері бойынша бөле отырып, қосымша есеп табыс ету қажет:
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша – бюджеттің төртінші деңгейіне;
басқа жер учаскелері бойынша-бюджеттің үшінші деңгейіне.