
ҮИЖ қолдануды қалай бастау керек және оның артықшылықтары туралы
ҮИЖ 2020 жылдан бастап қолданыстағы жүйе болып табылады. Қазіргі уақытта ҮИЖ бірыңғай тізіліміне ҮИЖ 3 моделі енгізілді. ҮИЖ Бірыңғай тізілімімен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында танысуға болады.
ҮИЖ - бұл деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары:
1) салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс шегі 24 038 АЕК-тен 94 086 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
2) 2021 жылы ҚҚС бойынша шегі 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, яғни 83,3 млн теңгеден 400,5 млн теңгеге дейін (2022 жылы 134 184 АЕК-ке дейін). Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.
ҮИЖ-де салықтық есептеу модулі бар. Бұл жүйеде тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ салық есептілігін, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі.
Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.
YИЖ пайдалану үшін не қажет?
Біріншісі - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына сілтеме бойынша кіру http://kgd.gov.kz/ru/content/edinyy-reestr-trehkomponentnyh-integrirovannyh-sistem-1 және YИЖ моделін таңдаңыз.
Екіншісі - ҮИЖ орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен байланысу.
Үшіншісі - салық төлеушінің кабинетіне кіріп, ҮИЖ-ді Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүргізу (иллюстрация).
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын барлық жеке кәсіпкерлерді ҮИЖ қолдануға және ҮИЖ қолданудың артықшылықтарын пайдалануға шақырамыз.
ҮИЖ-ге және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ді орнату және қолдану қағидалары "Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" ҚР Премьер - Министрінің бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.