Date of publication: 16.09.2021 09:55
Date of changing: 16.09.2021 09:48

Жеке мүлікке салынатын салық бойынша брифинг өткізу туралы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары К.Ж. Балтабеков пен өндірістік емес төлемдердің жетекшісі А. К. Қалиевтің брифингі өтті.

Спикерлер телекөрермендерге жеке тұлғаларға 2020 жылға мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу керектігін еске салды. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жер және жылжымайтын мүлік салығы бір мүлікке біріктірілген.

Салықтарды "Е-Salyq-Azamat" тегін мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер, төлем терминалдары немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады. "Е-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасын пайдалану өте ыңғайлы. Сіз оны AppStore және PlayMarket-тен жүктей аласыз.