Date of publication: 22.10.2019 18:14
Date of changing: 22.10.2019 18:15

Ұлытау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 2020 жылдан бастап, патент негізіндегі арнайы салық салу тәртібін келесі қызмет түрімен айналысатын дара кәсіпкерлер қолдана алады:
• сылақ жұмыстарын;
• ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
• еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
• бояу және шынылау жұмыстарын;
• такси қызметін;
• автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
• сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
• фотография саласындағы қызметті;
• аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
• мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
• көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
• ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
• бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
• басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
• ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
• есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
• спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
• мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
• басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
• қосалқы білім беру қызметтерін;
• өнер саласындағы қызметті;
• компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
• коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
• жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
• шаштараз қызметтерін;
• маникюрді және педикюрді;
• ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
• жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
• тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
• базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
• музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
• үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген Тізімге кірмеген қызмет түрлері бойынша дара кәсіпкерлер келесі салық салу тәртібінің біреуіне ауысу керек:
- оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық тәртібі;
- тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық тәртібі;
- жалпыға бірдей белгіленген тәртібі.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық тәртібін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу тәртібі туралы хабарламаны тапсыру қажет.
Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу тәртібі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
Сонымен қатар, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жоятындығын ескеру қажет.

 

 

Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы