Date of publication: 29.07.2019 18:21
Date of changing: 29.07.2019 18:22

2019 жылғы 15 шілдеде жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде аудан бюджетіне қосымша салық және төлемдерді арттыру бойынша 2019 жылға Меморандумға қол қойылды.

Негізгі міндеттері :

- Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою, ІІО, БАҚ, интернет ресурстары , т. б. хабарландырулары бойынша пәтер иелерінің мүліктік табысы бойынша салық төлеуге тарту бойынша жұмыстар .

- Жеке автокөлікпен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау және оларды жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюға тарту бойынша ІІО-мен бірлескен іс-шаралар өткізу.

- Бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарда және т. б. хабарландырулар негізінде салтанатты іс-шаралар, Тамада, әншілер, бишілер, бейне операторлар мен фотографтар қызметтерімен айналысатын тіркелмеген субъектілерді анықтау

- Заңсыз еңбек мигранттарын анықтау

- Алкоголь өнімінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау (лицензияның, ілеспе жүкқұжаттың болмауы, белгіленген ең төменгі бағадан төмен бағамен сату).

         Халыққа  хабардар ету мақсатында жұмыс нәтижелері БАҚ-та жарияланатын болады.

 

Нұра ауданы бойынша МКБ