Қараганды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Теміртау» кеден бекетінде ірі СЭҚҚ, кеден өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Теміртау» к/б басшысының м.а. Б.Ахметов «Дөңгелек үстелге» қатысушылармен амандасып. Іс-шараларға әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерін қатысты кедендік заңнамасын нормалары түсіндірілді.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер әкелінетін тауарлар сатып алу-сату нысанасы болып табылмайтын жағдайларда қабылданады. (мысалы, өтеусіз шарттар бойынша, жалға алу шарттары, қарыз, делдалдық шарттар бойынша).
Өтініш берушінің қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде аумақтық мемлекеттік кірістер органына берілген алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініш алдын ала шешімді беру шарты болып табылады. Өтініш алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымды төлеу туралы құжатты. Алдын ала шешім өтінішті органның кеңсесінде тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде беріледі.
Егер тауар мен мәміленің мән-жайлары (келісім-шарт және өзге де құжаттар) алдын ала шешімде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келген жағдайда, нақты тауарға қатысты кедендік тазарту кезінде мемлекеттік кірістер органы алдын ала шешімді қолданады.
Алдын ала шешімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік кірістер органының кеңсесінде тіркелген сәттен бастап сыртқы экономикалық шарттың (келісімшарттың) талаптары өзгермеген жағдайда күнтізбелік бір жыл.
Кездесу қорытындысы бойынша, «Теміртау» кеден бекеті басшысының м.а. Б.Ахметов шараға қатысушыларға қатысқаны үшін алғысын білдірді.
«Теміртау» к/б басшысының м.а.
Б. Ахметов