Date of publication: 04.09.2025 10:08
Date of changing: 04.09.2025 10:12

Салық берешегін қай жерден қарауға болады?

 Ыңғайлы және жылдам тәсілдің бірнеше түрі бар:    

  1. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz): «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қосымша бетін таңдаңыз. Бәрі қарапайым және түсінікті!
  2. e-SalyqAzamat мобильді қосымшасы: Оны App Store немесе PlayMarket-тен жүктеп алыңыз. Сіздің салық кабинетіңіз әрқашан қолыңызда!
  3. Telegram-дағы SalyqBot: Егер сіз Telegram-ды белсенді қолдансаңыз, бұл бот қажетті ақпаратты тез алуға көмектеседі.
  4. Egov.kz электрондық үкімет порталы: мемлекеттік қызметтерді алуға арналған ең танымал ресурстардың бірі.