Дата публикации: 19.04.2016 16:44
Дата изменения: 19.04.2016 16:44

Жария ету субъектілері үшін бірқатар кепілдіктер көзделмек

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға Мемлекет басшысымен  2014 жылғы 30 маусымда  қол қойылғандығы мәлім, ол 2014 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енгізілді.

Осы науқанға қатысуға заңмен белгіленген тәртіпте мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасы азаматтарының,  оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың құқығы бар.

          Осы науқан аясындағы жария ету субъектілері үшін бірқатар кепілдіктер көзделеді. Атап айтқанда, құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдары, банктер мен өзге ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғалу бөлігінде қылмыстық жауаптылыққа дейін қылмыстық заңнама нормаларын нақтылау және қатаңдату қарастырылады. Екіншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді. Үшіншіден, мүлікке жария етуді өткізу процесінде мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салынады. Бұдан бөлек, банктік заңнамаға жария етілген ақша туралы ақпаратты тек Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен ғана құқық қорғау органдарына беру нормасы енгізіліп отыр.

Ақшаны жария ету бойынша науқан екі жаққа да жария етуші азаматтарға да, ел экономикасы үшін де тиімді. Аақшаны жария ету бойынша келесі опция ұсынылады. Банк шоттарына олардың сақталуы бойынша міндеттемесіз, алымдарды төлемей, шектеусіз өзінің қарауы бойынша иелік етуіне қарай аударуға мүмкіндіктер көзделеді. Сонымен қатар, банк шотына 10 пайыз мөлшерінде алымды төлемей-ақ аудару қарастырылады.

         Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
         Жария етілетін мүлік бойынша ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін субъектілер жауаптылықта болады.