Дата публикации: 26.06.2017 16:01
Дата изменения: 26.06.2017 16:01

Қарқаралы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 472-бабының 3-тармағына сәйкес алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізетін және осы қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда жыл сайынғы лицензиялық алымның сомасын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін екендігін хабарлайды. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мына жерлерде жүзеге асыратын субъектілердің әрбір қызмет объектісі үшін:

- аудандық маңызы бар қалаларда 70 АЕК (158830 тг)

- ауылдық елді мекендерде 30 АЕК (68070 тг)

 Егер, жыл сайынғы лицензиялық алым белгіленген мерзімде және белгіленген мөлшерде төленбеген жағдайда ҚР ӘҚбК-нің 282 бабының 8 тармағына сәйкес тиісті қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК (айлық есептік көрсеткіш-2269тг.), яғни 340350 тг айыппұл салынатындығын ескертеміз.

Жыл сайынғы лицензиялық алымды уақытынан кешіктірмей, белгіленген мерзімге дейін және белгіленген мөлшерде төлеулеріңіз сұралады.